Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Студент адам өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Күдікті кінәсін мойындады.

Сурет : Baq.kz 10 Сәуір 2018, 15:44

Ордабасы аудандық соты 23 жастағы жігітке адам өлтіргені үшін 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 27 қарашасында Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне 1996 жылғы жас жігіт ауруханаға бара жатқан кезінде қайтыс болғаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жігіттер төбелескенін, аты-жөні белгісіз біреуі 21 жастағы жігітке пышақ сұғып, жасырынып қалғанын анықтады.

«Өлімге қатысы бар деген күдіктіні ұстау мақсатында полиция бөлімінде тергеу-жедел тобы құрылды. Оның кім екені анықталып, іздеу салынды. 2017 жылдың 1 желтоқсаны күні жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны, 1995 жылғы колледж студенті», - дейді полиция қызметкері.

Туған-туысқандары оның Мақтарал ауданына қашып кеткенін айтқан, бірақ күдікті Алматыға қашып кеткен. Ақшасы таусылғанда Ордабасы ауданына қайтып оралып, сол жерде ұсталды.

Күдікті кінәсін мойындады. Ордабасы аудандық сот шешімімен ол 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды және қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер