Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қостанайда 12 бойжеткен жыныстық құлдықта болған

Жақында қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген 24-31 жас аралығындағы күдікті топ ұсталды.

Сурет : today.kz10 Сәуір 2018, 16:40

Қостанайлық тәртіп сақшылары қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп жүрген ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген 24-31 жас аралығындағы күдікті топ ұсталды. Олардың арасында бір қыз бар. Полицейлердің айтуынша, күдіктілер материалдық жағдайы әлсіз қыздарды өздерінің таныстары арқылы тауып отырған.

«Ұйымдасқан топ жәбірленушілерді пәтерге шақырып, олармен бірге ішімдік ішеді. Мұнан соң қыздарды қорқытып, жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлейді. Барлығы 12 қыз қылмыстық топ «құрығына» ілінген. Олардың үшеуі балалар үйінен шыққан. Жеңгетайлық жасағандар қыздардың жеке құжаттарын тартып алған», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Бұған қоса, жеңгетайлардың тепкісіне түскен бойжеткендер жақындарымен телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Алайда өздерінің жағдайлары туралы тіс жармаған.

Ведомствоның мәліметінше, қазір ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері ұсталды. ҚР ҚК бірнеше бабымен сотқа дейінгі тексеру амалдары басталды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер