Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда ақшаға шешінген жас қыздарды бопсалаған чат-ботты құрушы екеу ұсталды

Чат-бот, Қостанай облысы, жас қыздар, ақша бопсалау, интим суреттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 20:12 Сурет: freepik
Қостанай облысында жас қыздарды бопсалаумен айналысқан екі ер адам ұсталды. Олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаскөйлер жас қыздардың сеніміне кіріп, олардың интимдік фотосуреттері мен видеосын желіге тарататынын айтып қорқытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен ақша бопсалау фактісін анықтады. Күдіктілер жас қыздардың сеніміне кіріп, олардың қатысуымен интимдік фотосуреттер мен бейнелерді таратамын деп қорқытып, ақша бопсалаған.

"Чат-бот арқылы зардап шеккендерге бейнебайланыс арқылы хабарласқандар алдымен билеп, содан кейін киімдерін шешуді ұсынған. Әр манипуляция үшін қыздарға донат бойынша электронды ақша түскен. Кейіннен бот бұл видеоларды әлеуметтік желіге тарататынын, оны қаламаса, ақша төлеу керектігі туралы хабарлама жіберген. Ал ақшасы жоқтарға таныс адаммен онлайн режимде жыныстық қатынасқа түсу ұсынылған, – деді ҰҚҚІҚБ бастығы Серік Байгонов.

Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазірдің өзінде 40-қа жуық қыз бопсалаушылардың ықтимал құрбаны болғаны анықталды. Іс бойынша интимдік фото және бейне материалдары бар электрондық ақпарат тасығыштар тәркіленді. Олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: