Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайлық екі ер адам 40 әйелге интим фотосы үшін қоқан-лоққы жасаған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2023 00:47 Сурет: polisia.kz
Қостанай полициясы 40 жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсеткен екі бопсалаушыны ұстады. Олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен ақша бопсалау фактісін анықтады.

Күдіктілер жас қыздардың сеніміне кіріп, олардың интимдік фотосуреттері мен видеоларын таратамын деп қорқытып, ақша бопсалаған.

"Чат-бот арқылы зардап шеккендерге алдымен видеоға билеп, содан кейін киімдерін шешу ұсынылған. Әр манипуляция үшін донат қыздарға электронды ақша түрінде түсті. Соңында бот бұл видеоларды әлеуметтік желілерге таратпау үшін өзіңіз төлеуіңіз керек деген хабарлама жіберді. Егер ақша болмаса, онда сіз таныс адаммен онлайн режимінде жыныстық қатынасқа түсуіңіз керек". ҰҚҚІҚБ бастығы Серік Байғонов


Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазірдің өзінде 40-қа жуық қыз бопсалаушылардың ықтимал құрбаны болғаны анықталды.

Іс бойынша интимдік фото және бейне материалдары бар электрондық ақпарат тасығыштар тәркіленді. Олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: