Алматыда ер адам бейтаныс әйелге шабуыл жасады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 28 жастағы келіншек соққыға жығылды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қазірдің өзінде уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл 1986 жылы туған азамат, Алматы облысының тұрғыны. Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында бола отырып, әйелді негізсіз түрде ұрып-соққан. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ҚР ІІМ Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 293 бабы (Бұзақылық) бойынша іс тергелуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript