Ақтауда балаларының көзінше әйеліне күш қолданған ер адам ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Ақтауда тұрғын үй кешендерінің бірінде жас балаларының көзінше ер адам әйеліне күш қолданған. Ол ұсталып, полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Лада" облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабарлады.
"Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп мәлімдеді полиция.
21 сәуірде әлеуметтік желіде Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің баспалдақ алаңында балаларының көзінше әйелін сабаған ер адамның видеосы тараған. Видеода ер адам әйелінің қолын қайырып, екінші қолымен оның аузын жабады. Осы кезде біреу келіп қалып, ол әйелді жібере салады. Бөтен адам кеткен соң ол өзінің басбұзар әрекетіне қайта кіріседі. Бұл жолы әрекет жеделсаты ішінде жалғасады. Әйелдің айғайлаған, балалардың жылаған дауысы естіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript