Алматыда дүкенді тонағандардың бірі ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Алматы орталығындағы дүкенді тонаған ер адам табылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz
Алдында әлеуметтік желіде түнде белгісіз екі адамның есік әйнегін сындырып, ішке кіріп, дүкенді қалай тонап жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын.
Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов ер адамның бірі уақытша ұстау изоляторына орналастырылып, қамауға алынғанын жеткізді.
Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы, яғни "Ұрлық" бойынша Алмалы аудандық ПБ СДТБТ-да тіркелді. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу аталған бөлімшенің тергеушілеріне тапсырылды. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қаскүнем анықталды. Ол 1995 жылғы Т деген азамат болып шықты. Ол 2022 жылғы 4 ақпанда Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов
Сондай-ақ, ол аудандық ПБ тергеушілері криминалдық полиция қызметкерлерінің қолдауымен екінші күдіктіні ұстау үшін шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
Тергеу барысы мен нәтижелері Алматы қаласының полиция департаментінің бақылауына алынды. Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов
Тақырыпқа орай: Алматыда түнде дүкен тонағандар видеоға түсіп қалды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript