Астаналық бір бөтелке сыра үшін 96 мың теңге төледі

www.inform.kz www.inform.kz
1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі алкогольді өнімдерді 21 жасқа дейінгі тұлғаларға сату фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІД Жергілікті полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гете көшесінің бойында орналасқан дүкендердің бірінде сатушы этил спиртімен тең, төрт пайыздан асатын алкогольді «Кружка свежего» сырасын, 1997 жылы туған П. есімді азаматқа сатқан.

Алкогольді өнімдерді сатып, ҚР заңын бұзғаны үшін 1972 жылы туған Р. есімді дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК 200-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Р. есімді азаматшаға 40 АЕК (96200 теңге) көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды», - делінген баспасөз баянында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз