1,3 миллион теңге алимент төлемеген атыраулық тұрғын жүргізуші куәлігінен айрылды

Sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2018 16:08 Sn.kz
Жыл сайын жинала берген алимент көлемі 1 320 000 теңгеге дейін жетіпті.

Атырау соты алимент төлемегені үшін ер азаматты жүргізуші куәлігінен уақытша айырды, – деп жазады Sn.kz.

2007 жылдың сот шешімі бойынша еркек баласына алимент төлеуі керек болған. Бірақ жауапты азамат бұл талапты осы күнге дейін орындамай келген. Жыл сайын жинала берген алимент көлемі 1 320 000 теңгеге дейін жетіпті.

Атырау қалалық ІІД-нің хабарлауынша, бұрынғы әйеліне қарызды төлеу үшін ер азамат ешқандай да әрекетін қарастырмаған. Осы ретте сот алимент төлемегені үшін оның жүргізуші куәлігіне шектеу қойған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: