Алматыда балаларына алимент төлемеген тұрғын ұсталды

Тенге, деньги, Казахстан, национальная валюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 10:15 Фото: Zakon.kz
Алматы көші-қон қызметі бөлімшесінің хабарлауынша, ер адам бір жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген.

Ол іздеуде болды. Бүгінгі күнге дейін балаларына алимент бойынша берешек сомасы 2 миллион теңгеден асады.

"Біздің бөлімше қызметкерлері ер адамды ұстады және өз құзыретіне сәйкес қарыз сомасын өндіру туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берілді", – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар Алматы полиция департаменті, осы жылдың 14-18 қазан аралығында "Заңсыз келуші – 2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.

Іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: