Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өзбек жұмысшылары өртенiп кеткен автобустың иесi қашып жүр

Қазiргi таңда автобус иесi – Мехтиев iздестiрiлiп жатыр.

Сурет : Baq.kz11 Сәуір 2018, 14:03

Бүгiн Бас прокуратура жолаушылар тасымалы саласындағы тексерiс нәтижесiн жариялады. Жиын барысында прокуратура өкiлдерi 52 өзбек азаматының Ақтөбе облысында автобуста қаза болуына қатысты қылмыстық iске түсiнiктеме бердi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Қоғамдық мүдденi қорғау қызметiнiң бастығы Азамат Дүйсембеков жыл басында Ақтөбе облысында жанып кеткен жолаушылар автобусына қатысты сотқа дейiнгi тергеп-тексеру нәтижелерiне тоқталды.

«Биылғы жылдың 26 наурызында аталған автобустың 3 жүргiзушiсiне қатысты сотқа дейінгi тергеп-тексеру аяқталды. Олардың әрекеттерi Қылмыстық кодекстiң 345-бабының 4-бөлiгi, яғни абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан iс-әрекет деп сараланды. Айыпталушылар мен олардың қорғаушылары iс материалдарымен танысу сатысында», - дедi Дүйсембеков.

Маманның айтуынша, автобус иесi қазiр қашып жүр.

«Қазiргi таңда автобус иесi – Мехтиев iздестiрiлiп жатыр. Нақты кiмдердiң жазаланатыны тергеу барысында шешiледi», - дедi Азамат Дүйсембеков.

Еске салсақ, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртенiп кеттi. Оқиға салдарынан 52 адам қаза тауып, бесеуi аман қалды. Өзбекстан азаматтары отырған автобус ОҚО-дан Ресей Федерациясына жол жүрiп бара жатқан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер