Назарбаев: жаңа әліпбимен Абайдың қара сөздерін күнде жазамын

12 Сәуір 2018, 12:57
Сурет: Informburo.kz

"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық" жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесерінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиін тез үйрендің жолын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Әліпбиді қазір бекіттік, ептеп енгізуіміз керек. Мен де күнде жаңа әліпбимен жазамын. Абайдың сөздерін жазып отырамын", - деді Елбасы.

Елбасы атап өткендей, жақында еліміздің мектептерінде жаңа алфавит енгізіледі.

"Үйреніп кету онша қиын емес. Мектепте әліпбиді солай үйрендік қой. Әліпбидің еніп кетуі өте тез болады деп санаймын", - деді Назарбаев.

Бұған дейін Назарбаев қазақ алфавитін латын жазуына аудару туралы жарлыққа өзгерістер енгізген. Әліпбидегі қазақ әріптерінің орнына диакритикалық таңбалар қолданылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?