Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жан Ахмадиев: Жезөкшелерді малға теңеймін

Хайп деген жалт етті де жоқ болу, яғни тосын әрекетке бару арқылы резонанс туғызу, көпшіліктің назарын аудар. Ал енді қазақы қисынға салсаң селт еткізу ғой.

Сурет : stan.kz13 Сәуір 2018, 16:22

Дұрыс ақ. Дегенмен біздің жұлдыздардың сол селт еткізулері атың шықпаса жер өртенің керін қайталап жатады. Айтпақшы былтыр жыл аяғында Төреғалидің концерттегі қылығы алдын ала ұйымдастырылған ХАЙП екен деушілер бар, деп хабарлайды stan.kz Евразия арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

«Кеш-ю сыйлайды хайп, хайп, хайп».

Хайп, хайп, хайп! Бүгінгі шоу бизнесте трендке айналған сөз! Оның алдында абыройда адыра. Әншілер хайп үшін қажет десең тамадалармен төбелеседі.

Бір-бірін шошқаға теңейді..

«Үш ұйықтасам да түсіме кірмепті Жадыра Сахиевамен соттасамын деп».

Ол аз десеңіз жалаңаштанып билеп..

Дүйім жұртқа ақшаны қалай табатынын айтудан да тайынбайды.

Арзан атақ жинаудың көкесін жуырда әнші әрі блогер Жан Ахмадиевте көрсетті. Жеті түнде қала кезіп, жезөкшелерді сабады.

«Қыздарды неге ұрдыңыз дейді. Мен айтамын, қыздар мен жезөкшелерді шатастыруға болмайды. Жезөкшелер ол соңғы осы өмірдегі, былайша айтқанда малмен теңеймін деген сияқты ғой. Бұл жерде, Бекболат Тілеуханов ағамыз айтқан, егерде қазіргі таңда нағыз қазақтың намысты жігіттері болса, Саин мен Сейфуллин көшесінде тұрмайтын деген баяғыда бір сөзі болатын. Сол себептен шығып жасадық біз» – дейді әнші Жандос Ахмадиев.

Әлбетте, әнші о баста бұл әрекетімен дәл осы түйткілге қоғам назарын аударуды көздегені белгілі ғой. Алайда, видео әлеуметтік желіде тарағалы, жұрт жезөкшелікпен күресті талқыламады. Ал, әйел затына қол көтерген әншінің әрекетін сынға алды. Өзін, өсек етті.

Пиар саласында 15 жылдық жұмыс өтілі бар, білікті маман Ақсұлу Саңғали мұны бір-ақ, себеппен байланыстырады. Біздің қоғамда «Хайп» туралы түсінік әлі дұрыс қалыптаспаған. Оның белгілі бір тұлғаның атын шығару үшін қолданылатынын білеміз, бірақ, қашан жасау керектігін? Не үшін? Және оны іске асыру алгоритімі қандай? Ол жағынан хабарсызбыз.

Хайп.Әлемдік тәжірибеде бұл ұғым қандай-да бір тұлғаның атын шығару мақсатында белгілі бір оқиғаның алдында қолданылады. Мысалы. Мен әншімін. Альбом шығардым делік. Енді маған оны сату керек. Осы процестің алдында мен қандай да бір хайп істеймін. Менің рейтингім не істейді? Өседі. Пиар саласында 72 сағат деген термин бар. Яғни кез-келген оқиға 72 сағат қана талқыланады. Сосын ұмытылып кетеді. Яғни мен осы үш күннің ішінде, маған сұраныс жоғары болып тұрған кезде, елдің назары ауып тұрған кезде альбомымды сатылымға шығарам, пресс-конференцияларымды өткіземін, концерт, тағысы тағы. Ең маңыздысы осы аралықта менің атыма да абыройыма нұсқан келмеуі тиіс. Ал, бізде қалай?

«Бізде аудиторияны зерттеу деген жоқ! Мысалға қараңыз.Сіз мысалы әнші ретінде аудиторияңыз кім? Үлкен кісілер ма? Студенттер ма? Жоқ тағы басқа ма! Ол аудитория бөлуге байланысты. Яғни сіздің жасаған хайпыңыз сол аудиторияға келу керек. Егерде Төреғали жастардың арасында концерт беріп, улап-шулап, сосын сол жасқа ей сен тұр, өйтпе , бүйтпе десе бәлкім ол жарасар еді.Ол студенттерді мәдениетті болуға бағыттап жатыр джеп келтуріге болар еді.Ал, бұл жерде концерт. Ал, аудитория әр түрлі.Және үлкен кісіге. Яғни, қазақи әнді орындап жүр өзі, ал оның құндылықтары мен жүріп-тұрысы екеуі екі түрлі болды. Сондықтан ел арасында наразылық туды.Әрине ол өтпеді тіпті» – дейді PR-менеджер Ақсұлу Саңғали.

Пиар жасаудың алгоритімін білмеу бұл әншілердің өз абыройларын өсіріп емес, керісінше өшіріп жатуына бір ғана себеп. Екінші мәселе мынада! Біздегі хайптардың дені мақсатсыз жасалады. Яки, атым шықса болдының кейпі. Ал, белгілі бір әрекет арқылы қоғамға ой тастау. Сол арқылы беделімді арттыру деген дүние ескеріле бермейді.

«Мысалы Лобода. Қателеспесем 2010-2009 жж Евравидение болған кезде осыған дейін ашық-шашық киінген ол ел-жұрттың назарын аударта алмайтынын түсініп, оның пиар мамандары не істеді? Әдемі кешкі сән үлгісіндегі киімме бірақ денесіне көк ала торғай болып ұрылған гримдер жағып, сахнаға шықты. Екі сағаттың ішінде бүкіл Еуропа, Ресей, бүкіл ақпарат құралдары сол туралы жариялап жатты. Бүкіл әлеуметтік желі соны талқылап жатты. Мынаған не болды деп.Мынаны кім ұрды. Ал, шын мәнінде ол грим. Ол сол грим арқылы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсымын деген сияқты ой тастады» – дейді PR-менеджер.

Негативті қоғамдық пікір қалыптастырмай, жұрттың назарын өздеріне аудару тетіктерін, әсіресе, Ресей жұлдыздары тиімді пайдаланады. Мәселен, жуырда ғана көрші ел әншісі Ольга Бузова жеке концерті барысында әдейі талып қалды.

Атақ шығарудың дәл осындай тетігін, Сергей Лазеровте қолданды.

«Сахнада я концертте ән айтып отырғанда ол 2 минутқа талып қалды. 2 минут бойы адамның жанына біреу жақындамау мүмкін емес дүние. Оның күзетшілері, ассистенттері бар. Содан кейін барып қана оған көмек көрсетілді. Өйтті, бөйтті деген сияқты. Бірақ, жалпы анализдерге қарайтын болсақ осыған дейін БАҚ Сергей Лазеров туралы 1 я екі ақпарат шықса айына сол оқиғадан кейін, 200 я 400 материал шықты. Материал шықты ол бір. Екі аптаның көлемінде жаңа альбомы шықты. Өтіп кетті» – дейді PR-Менеджер.

Батыс елдерінде пиар тек қоғаммен байланыс емес, сондай-ақ, белгілі бір тұлғаны брендке айналдыру арқылы қоғамды тәрбиелеудің де құралы болып табылады. Әрі қолдану аясы тек шоу бизнеспен шектелмейді. Хайптың үздік үлгісін саясаткерлер, тіпті ел тізгіндеген азаматтарда көрсетіп жүр! Бұл тұрғыда, әсіресе, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы үлгі етуге болады. Ол түсірілетін видероликтер, желіге жүктелетін суреттерінен бастап, тіпті мінберлерден айтылатын қалжындарына дейін пиар мамандарының сараптауынан өтетін.

Әлбетте, заманауи үрдістер сағат сайын дамыған кезеңде қоғамды сауаттандыру, өзіңді тұлға ретінде қалыптастыру жолында мұндай тетіктердің қолданылуы заңдылық. Алайда..

«Адамдар осы қай жағынан болса да танылғысы келіп, мен ойлаймын ер азаматтар қазіргі үлкен тәрбиеге жауапты ғой. Негізгі айналысатын шаруалар, басқа елдер ғылыммен біліммен озып, жан-жағынан дамып, жетіліп жатқан кезде, біз осындай болмашы дүниелермен оның ішінде осы арыстай азаматтарымыз қолына бірдемелерді қолына ұстап, бірдемелерді бықсытып, әйтеуір арзан атақпен жүргендігі менің жаныма батады шыны керек. Өйткені бұл заманның ағымы міндетті түрде дамушы мемлекеттерді немесе енді енді өркениетті мемлекеттерді мұндай құбылыстар айналып өтпейді. Не болғанда да, өткіземіз басымыздан. Өтпелі кезеңде өмір сүріп жүр дейді ғой. Өтпелі кезеңнің уақытша дерттері сияқты. Сол екі ортада қаншама адамды бүлдіріп, бұзып үлгеруі мүмкін» – дейді айтыскер ақын Мұхтар Ниязов.

Ал, біздегі хайптің күйі қазір өсек-аяңның ауылынан алыстай алмай отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер