Жаңалықтар тізбегі
0

Ғашықтар күні: Алматыдағы кездесуге арналған романтикалық орындар

ғашықтар күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 13:54 Сурет: unsplash
15 сәуір – Қазақстанда Қозы көрпеш–Баян сұлу күні. Бұл күн 14 ақпан Валентин күнінен бөлек өзіміздің қазақы ғашықтар күні болсын деген оймен ұсынылған еді. Көктемнің қақ ортасындағы мерекенің тойланып жүргеніне де көп бола қойған жоқ.

Кей деректерде Қозы көрпеш-Баян сұлу күнін республика көлемінде атап өтуді 1999 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысында Дархан Мыңбай ұсынып, жастар ұйымдарын, оқу орындарын, ақпарат құралдарын шақырған деп жазады. Ал Арман Сқабылұлының 2014 жылы Facebook-те жазғанына сенсек, 15 сәуірді Қазақстанда махаббат күні ретінде ұсынған адам – белгілі продюсер Серік Абас-шах. Арман Сқабылұлының жазуынша, Серік Абас-шах наурыздың қақ ортасына түсетін күнді арнайы таңдап, Махаббат күні ретінде атап өтуді ұсынған.

Қазақстанда Қозы көрпеш-Баян сұлу күні қалай пайда болса да, қазақстандықтар сәуірдің ортасындағы жайма-шуақ кезді ғашықтар күні ретінде атап өтіп жүр. Бұл күні қыз-жігіттер өздері ұнататын адамға сезімін білдіріп, кездесу ұйымдастырып жатады.

Мерекеге орай Zakon.kz сайты кездесу ұйымдастыруға болатын Алматыдағы ерекше романтикалық орындардың тізімін жасады.

Алматы Ботаника бағы

2020 жылы реконструкциядан соң қайта жаңарған Алматы Ботаника бағы – бүгінде мегаполистегі ерекше әдемі жерлердің бірі. Мұнда күн жылы кезде көктің иісі шығып, гүлдер көрік беріп, жайлы болып тұрады. Себебі бақта темекі тартуға, алкоголь ішуге, жасыл желекті басуға, қоқыс тастауға болмайды. Бақ қыз-жігіт болып серуендеуге, еркін әңгіме-дүкен құруға ыңғайлы. Таза ауа мен әдемі өсімдік, көлдегі аққу мен балықтар қос ғашық үшін романтикаға толы атмосфераны бере алады.

Бақ 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Әр айдың дүйсенбісі – тазалық күні.

БАҚ, Алматы Ботаника бағы, Ғашықтар күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 13:54

Сурет: Zakon.kz

Жамбыл атындағы филармония

Алматыдағы классикалық концерттердің біразы осы Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді. Өнер ордасының әлеуметтік желідегі парақшасы да жаңарған. Сол жақтан жақын күні болатын концерттердің афишасын көріп, билетті онлайн алып, ғашығыңызды қуанта аласыз. Концерт залының балконынан да орын алуға болады. Жоғарғы жақтан сахна мен зал әдемі көрінеді әрі бұл орын сезім білдіруге ыңғай тудырады.

Жамбыл атындағы филармония, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 13:54

Сурет: Facebook/Жамбыл атындағы филармония

Есентай саябағы

Esentai mall сауда үйінің маңында Есентай саябағы бар. Онда әрдайым жарық. Сол жерде тұрып, қаланы биіктен көруге де болады. Сонымен қатар есентай өзені бойымен жоғары, тауға қарай су бойымен серуендеуге кеңес береміз. Өзен бойында жолшыбай дәмханалар да кездеседі. Тауға қарай көтерілген сайын ауада салқын әрі таза леп болады.

өзен, есентай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 13:54

Сурет: Алматы әкімдігі

Көкбазардағы дәмхана

Көкбазар – Алматының тарихи әрі тұрмысы қайнаған мекені. Базарға кіргеннен түрлі тағамның иісі мұрын жарады. Тіпті ғимарат сыртында жүргенде шоколад фабрикасынан тәттінің иісі келіп тұрады. Бірақ біз Көкбазардың екінші қабатындағы шағын кафені ұсынбақпыз. Бұл кафеде бәрі үйдегідей, бәрі қарапайым. Сонысымен бұл дәмхана алматылықтарды өзіне баурайды. Сүйікті адамыңызды осы кафеге шақырып, сезіміңізді білдіріп көріңіз. Бәрі әдемі фильмдердегідей жалғасып кетуі де ғажап емес қой?

Ғашықтар күні, Kөк базар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 13:54

Сурет: pexels

Терренкур

Терренкур немесе «Денсаулық соқпағы» Тәттімбет көшесі мен Достық даңғылына параллель орналасқан. Бұл жол тау етегінен ағатын су бойына 1974 жылы салынған. Содан бері бұл жер алматылықтар мен қала қонақтары серуендейтін әрі жаттығатын орынға айналған.

Күндіз Арман кинотеатрында көрсетілетін фильмге билет алып, кинотеатрдан соң терренкур бойымен серуендеуге болады. Себебі терренкур, яғни «денсаулық соқпағы» дәл кинотеатр жанынан басталады.

Терренкур, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 13:54

Сурет: Алматы әкімдігі

Мұқан Төлебаев көшесі

Алматылықтар арасында «Тулебайка» аталып кеткен бұл көше тарихқа бай. Қаланың дәл осы бөлігінде қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының үздіктері және басқа да танымал тұлғалар тұрған. Тарихи көшенің бірі болғанынан ба, көше бойымен жүргендер қаланың атмосферасын дәл осы жерден жақсы сезінетіндерін айтып жатады. Көше бойымен көлік көп жүрмейді әрі ортада жаяу серуендеуге арналған аллея бар. Отырып, тынығуға болатын орындықтар мен дәмханалар да кездеседі.

Төлебаев көшесіндегі үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 13:54

Сурет: Zakon.kz

Көктөбе

Алматыны биіктен тамашалауға болатын әрі қаланы «алақандағыдай» көрсететін сүйікті орындардың бірі – Көктөбе. Көктөбеде жақсы көңіл-күй үшін бәрі бар деуге болады. Бұл жерге қаладан аспалы жолмен тез жете аласыз. Ал серуендеуді жақсы көретіндер жаяу көтерілуіне болады. Төбедегі саябақта хайуанаттар бағы, ойын-сауық орындары және дәмханалар бар. Алматы тұрғындары мен қонақтары Көктөбені қаланы биіктен көруге болатын мүмкіндігі үшін жақсы көреді. Тек үйден шығарда жылы киініп алғаныңыз жөн.

Көктөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 13:54

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматы зообағындағы аквариум

2018 жылы Алматы зообағындағы Аквариум бөліміне реконструкция жасалды. Бұл бөлім балық көруге арналған орын болса да, зообаққа аса ұқсамайды. Себебі аквариум бөлімі адамды демалдыратын әрі оған жайлылық сыйлайтын орын етіп жасалған. Мұнда үнемі классикалық музыка қосылып тұрады. Бөлімнің іші жерасты музейлеріне ұқсайды. Айнала қараңғылау болғанымен аквариумдар жарықтандырылған. Сонысымен романтикалық атмосфера жасап тұрады. Ал келушілер түрлі балыққа қарап, тыныға алады.

Акваруим бөлімінде 137 түрінен 2 504 бас балық пен теңіз жәндіктері бар.

аквариум, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 13:54

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kzСонымен қатар Zakon.kz редакциясы махаббат туралы қазақша әндер топтамасын дайындады. Әндерді мына жерден тыңдай аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: