Қазақстанда Ғашықтар күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Қазақстанда 15 сәуірде ғашықтар мерекесі – "Қозы Көрпеш–Баян сұлу" күні тойланады. 2011 жылдан бастап "Ұлттық ғашықтар күні" аталып өтіледі. Ондағы мақсат – көпшілікке махаббат, адалдық пен адамгершілік сияқты нағыз биік сезімдерді насихаттау, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мейрам ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, халық ауыз әдебиетіндегі ғашықтар Қозы мен Баянның махаббат хикаясына арналған.
Ғашықтар күніне орай бірқатар іс-шара жоспарланған:
- "Астана Балет" театры — екі бөлімнен тұратын "Қозы Көрпеш–Баян сұлу" эпостық балеті;
- Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры — "Қозы мен Баян" трагедиясы;
- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры — "Сезім хаттары" қойылымы;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры — опера солистері Венера Алпысбаева мен Нұржан Бажекеновтың "Екеуге арналған гармония"атты концерті;
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі — "Махаббат мәңгі ертегі" концерті;
- Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры — "Баян Сұлу – Қозы Көрпеш" музыкалық драмасы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз