Қазақстанда Ғашықтар күнінде қанша жұп неке қидырды

Қазақстанда Ғашықтар күнінде қанша жұп неке қидырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 19:00 Сурет: pixabay
Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде Ғашықтар күні атап өтіледі. Аталған мерекеге орай биыл "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 500-ден астам өтініш түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Некелесушілер саны бойынша Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысы көш бастап тұр.

"Айта кетейік, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жалпы 23 835 неке тіркелген. Оның басым бөлігі Алматы және Астана қалаларына және Түркістан облысына тиесілі", - делінген хабарламада.

Елімізде неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады.

Мемлекеттік органдар өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі.

Егер тіркеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, ол автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: