Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өз ұлын өлтірген қостанайлық 8 жылға сотталды

Оқиға 2017 жылдың 31 желтоқсанында түнде болған.

Сурет : ҚазАқпарат13 Сәуір 2018, 16:49

Өз ұлын өлтірген қостанайлық 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

46 жастағы Ж.Тілеубаеваға қатысты іс бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотта мәлім етілгендей, оқиға 2017 жылдың 31 желтоқсанында түнде болған. Күдікті әйел 25 жастағы ұлымен Жаңа жылды қарсы алып, ішімдік ішеді. Таңғы сағат 08:00 шамасында ұлы анасынан спирттік ішімдік алатын ақша талап еткен. Өз кезегінде анасы қарсылық танытқан. Ашуланған ұлы анасын асхана шкафы тұрған жаққа итеріп жіберген. Мұнан соң әйел үстелден пышақ алып, ұлын қорқытқан. Сондай-ақ, оң жақ қолына пышақ сұғып алған. Содан кейін кеуде тұсына пышақпен соққы жұмсады. Салдарынан ұлы оқиға орнында қаза болды.

"Ж.Тілеубаева ҚР ҚК 199-бабы бойынша айыпты деп танылды. Оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қауіпсіздігі орта түзету мекемесінде өтейді",- делінген соттың үкімінде.

Айта кету керек, сотталушы 2015 жылы онкологиялық ауру бойынша ота жасатқан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер