Астана тұрғыны супермаркеттен 17 қорап Merci кәмпитін ұрламақ болған
Sputniknews.kz
Оқиға 2017 жылдың қарашасында "5 минут" супермаркетінде болған.
Астана тұрғыны супермаркеттен 17 қорап Merci кәмпитін ұрламақ болғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2017 жылдың қарашасында "5 минут" супермаркетінде болған. Әйел жанында ешкім жоқтығын пайдаланған.
"Дегенмен қылмысты соңына дейін жасай алмаған, оны супермаркеттің күзет қызметі ұстап алған", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен әйел ҚК 24-бабы 3- бөлімі, 188-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript