Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте құрдастарын 14 миллион теңгеге алдаған жігіт ұсталды

otyrar.kz otyrar.kz
2017 жылдың қарашасында Әл Фараби полиция бөліміне 19 жастағы Түлкібас ауданының тұрғыны арызданған.
Шымкент қаласының полицейлері алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. 21 жастағы жігіт оқуға түсуге көмектесемін деп, он шақты жәбірленушіні алдаған деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері. Күдікті өзінің құрбандарына Шымкент қаласындағы оқу орындарының біріне грантқа ауыстырып беруге көмектесетінін айтып, ақша сұраған, деп хабарлайды otyrar.kz.

2017 жылдың қарашасында Әл Фараби полиция бөліміне 19 жастағы Түлкібас ауданының тұрғыны арызданған. Онда белгісіз жас жігіт оқу орындарының біріне грантқа ауыстырып беруге уәде еткенін, ол үшін 350 мың теңгесін алып, ізін суытқаны туралы арызданған.

Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, қылмысты кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Полиция бөліміне осыған ұқсас алаяқтық жайты бойынша облыс орталығының онға жуық тұрғыны арызданған.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Мақтаарал ауданының 1996 жылы туған тұрғынын ұстады. Тергеу барысында күдіктінің 40 алаяқтық жайтына қатысы бары анықталған. Күдікті грантқа ауыстырып беруге көмек көрсететінін айтып, жәбірленушілерінен ақшаны алып, белгісіз бағытта жасырынып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 14 миллион теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда жатыр. Полиция қызметкерлері 21 жастағы күдікті тарапынан алаяқтықтың құрбаны болған немесе куә болған азаматтарды Әл Фараби полиция бөліміне немесе «102» нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Тәртіп сақшылары бұған қоса алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.

Фото: otyrar.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: