Түркістан облысында тұрғынды 2 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында тұрғынды 2 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 17:22 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында Түлкібас ауданының полицейлері алаяқтық жасауға қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, күдікті танысына бизнес-жоспар әзірлеуге және мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетініне сендірген. Жәбірленуші болса оның сөзіне сеніп, 700 мың теңге қаражат берген. Алайда ақшаны алғаннан кейін әйел түрлі сылтаулармен уәде етілген қызметтерін орындамаған және ақшаны қайтармаған. 

Тәртіп сақшылары күдіктінің тағы осыған ұқсас 2 фактіге қатысы бар екенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі шамамен 2 миллион теңгені құрады. 

Сондай-ақ әйел бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Ол алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: