Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ОҚО-да мыңнан астам көшенің атауы жоқ

Бүгінге дейін облыста идеологиялық тұрғыдан ескірген 10 мектеп пен 7 елді мекеннің және 32 көшенің атауы өзгерген.

Сурет : onthe.io16 Сәуір 2018, 14:48

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 мың 188 көшенің атауы жоқ. Оларға ұлттық танымға сай дәстүрлі атаулар берілуі тиіс Бұл жөнінде Шымкентте өткен «Атамекен атаулары» атты облыстық конференцияда айтылды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Сонымен қатар, өңірдегі идеологиялық тұрғыдан әбден ескірген және қайталанатын «Чичерин», «Дмитриев», «Жеңістің 40 жылдығы» секілді 12 елді мекен мен 109 көшенің және 7 нысанның атауын өзгерту ұсынылды. Осыған орай халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, оларға тарихи жер-су және ұлттық болмыс-бітімге сай келетін дәстүрлі атауларды беру керектігі айтылды.

Бүгінге дейін облыста идеологиялық тұрғыдан ескірген 10 мектеп пен 7 елді мекеннің және 32 көшенің атауы өзгерген.

Өз кезегінде абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов, көше атауларына кісі есімін беруге болар6 бірақ аудандық-облыстық аумақтағы атауларға адамның атын беруге болмайтынын ескертті.

Есесіне, әр нәрсені өзінің орналасқан жері мен табиғи ерекшелігіне қарай атаған жөн.

Мекемтас Мырзахметов, абайтанушы, ғалым: - Бізде аудандық, облыстық көлемде ешқашан адамның аттары берілмеген. Тек қана бәленшенің бұлағы, түгеншенің құдығы деген атаулар беріледі де, адам аттары берілмейді. Табиғаттағы құбылысқа байланысты қойылады. Ендігі біздің мақсатымыз – ұлттық дәстүрді қалыптастыру.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер