Шығыс Қазақстанда 10 елді мекеннің атауы ауысады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2018 21:09 Baq.kz
Шығыс қазақстандағы Шемонаиха ауданы идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларымен біржола қоштаспақ.

Ауыл-аймақ атауларын өзгертуге байланысты әр елді мекенде қазанның аяғы-қарашаның басында қоғамдық жиналыс өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Шығыс қазақстандағы Шемонаиха ауданы идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларымен біржола қоштаспақ.

Осыған дейін Первомайка ауылындағы көше атауларының өзгеретіні туралы мәлімдеген едік. Енді аудан басшылығы кемінде 10 елді мекеннің көше атауларын ауыстыруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында Шемонайханың өзімен бірге Зевакино ауылы, Убинка, Новая Убинка, Рассыпное, Коневка, Рулиха, Разинский және Выдрихинский ауылдық округтері бар.

Сондай-ақ жауық арада Красная Шемонайха ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Аталған ақпарат аудан әкімінің ресми сайтында жарияланған. Бұдан бұрынырақта аталмыш елді мекенді «Қызылқұм» деп атау ұсынылған.

Ауыл-аймақ атауларын өзгертуге байланысты әр елді мекенде қазанның аяғы-қарашаның басында қоғамдық жиналыс өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: