Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде ҰБТ қарсаңында «тест саудасы» қызды

ult.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2018 20:48 ult.kz
Әлеуметтік желіде шпаргалка сататындардың парақшаларынан көз сүрінеді.

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына аз уақыт қалғанда шпаргалка саудасы қызып жатыр. Биыл пысықай саудагерлер оны жасырын емес, әлеуметтік желілерде ашық түрде жарнамалауға кіріскен. Тіпті, үйге дейін жеткізетін ақылы қызмет түрін де қосып қойыпты. Тест сынағының жауаптары жазылған құралдың әрқайсысын 2 мың теңгеден сатып алуға болады. Әріптесім жарнамасы жер жарған шпаргалка сататындардың бірімен жолығып, тілдесіп келді, деп жазады Алматы телеарнасы.

Әлеуметтік желіде шпаргалка сататындардың парақшаларынан көз сүрінеді. Онда қайдан алуға болатыны, кімге хабарласу керектігі жөніндегі барлық ақпарат айдан анық көрсетілген. Тіпті, біразы оны қосымша ақы төлесеңіз үйге дейін де жеткізіп беруге дайын. Сатылатын шпаргалка биыл барынша шағын әрі жұқа етіп дайындалған. Саудагерлер дайын жауаптың Ұлттық бірыңғай тестілеуде 70 пайызы сәйкес келеді деп отыр. Қара базардағы тауардың құны әзірге 2 мың теңге. Айтуларынша, мамыр айына қарай 5 мың теңгеге дейін шарықтайды екен.

«100 пайыз дұрыс келеді деп айта алмаймыз, әрине. Бірақ 70 пайыз ғой минимум. Белгілі бір адам жоқ оны істеп жатқан. Бірақ балалар бар істейтін. Баяғыдан бері ҰБТ басталғанан бері. Жылдан жылға жиналып келе жатқан база ғой. Қазірден бастап кітапшаны пайдаланып үйрену керек қой. Негізі кітапшаның ішіне қойып, пайдаланады ғой оны. Көбі партаның астына қойып қарайды оны, тыға алмайды. Түсіріп алады».

Бет-бейнесін жасыруды сұраған сатушы шпаргалканы өзіңіз белгілеген уақыт пен сіз қалаған мекен-жайға жеткізіп береді. Оған қоса, 15-тен астам данасын алған жағдайда жеңілдік қарастырылған.

«Майда шпорлар шығады деп айтады. Жүреді, жүреді. Сонымен майда саны да азаяды. Бағасы да қымбаттайды. Алдыңғы жылы негізі жақсы өткен. 5 мыңнан астам саттық қой алдыңғы жылы. Алматы қаласы алған жоқ. Негізінен басқа қалалар алды . Көп қалаларда жоқ қой».

Ал білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын тауып алу мүмкін емес деп отыр. Сондықтан талапкерлерге өз білімдеріне сенуден артық жақсы тәсіл жоқ дейді. Биыл талап жылдағыдай қатал. Егер талапкер телефон, шпаргалкамен ұсталса бірден аудиториядан шығарылып, нәтижесі есепке алынбайды. Оған қоса, мемлекеттік құпияны ашқан адам да ауыр жаза арқалайды.

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің барлық сұрақтары мемлекеттік құпияға жатады. Сондықтан бұндай мәселелер болса, әрине, құптамаймыз және де бұл мүмкін емес. Өйткені, бұл сұрақтарды тауып алу мүмкін емес. Сондықтан балаларға тек қана өзінің біліміне ғана, өзінің дайындығына ғана үміттену керек. Сондықтан жаңағындай әртүрлі толып жатқан мәселелерді біз растай алмаймыз. Енді ол инстаграмда болсын, басқасында болсын. Әртүрлі адамдар өзінің ойын жаза алады», - деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Биыл еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген талапкерлердің саны әлі белгісіз. Білім және ғылым министрлігі бұл 10 мамырда анықталады дейді.

Жадыра Омаржан, Әсет Құндақбаев

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: