Қостанайда баласын мектепке апарған ер адам жоғалып кетті
Sputniknews.kz
Жоғалып кеткені туралы хабарламаны әлеуметтік желіде таратып жатыр.
15 ақпан күні Қостанайда 35 жасар Ербол Какимов есімді ер адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz "Алау" басылымына сілтеме жасап.
"Ол №4 мектеп маңайында жоғалып кетті. Күйеуім ұлымызды мектепке апарып, әрі қарай жұмысқа кетуі керек болатын, арасы бес-ақ минуттық жер. Содан кейін оны көрмедік. Телефонға да жауап бермейді. Соңғы рет әлеуметтік желіге 15 ақпан күні кешкі уақытта кірген. Мессенджерде жазып едім, жауап жазған жоқ. Ішімдік ішпейді, сол күні ренжіскен жоқпыз, бәрі жақсы болатын", — дейді жары Татьяна Миненко.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript