Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыдағы зиратта пышақпен қаруланған ер кісі әйел адамға тап берген

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2018 21:50 ҚазАқпарат
Полицейлер оның ақыл-есінің дұрыс еместігін анықтады.

Қарағандыда қабір басына барған әйел адамға орта жастағы ер адам тап беріп, соққының астына алған. Абырой болғанда куәгерлер араша түсіп, қаскөйді тәртіп сақшылары келгенше ұстап тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат Инстаграм әлеуметтік желісіндегі «Shok_krg» парақшасында жарияланған.

«Бүгін Михайлов зиратында есірткі шегіп алған ер адам адамдарға тап беріп, бәрін өлтіретінін айтып, жұртты қорқытқан. 4 жасар немересімен және қызымен бірге қабірге келген әйел адамға тап беріп, оны соққыға жыққан. Осыдан соң көмекке шақырған әйелдің дауысын естіген зираттағы адамдар араша түсіп, ер адамды полицейлер келгенше бір сағатқа жуық уақыт ұстап тұрған. Тәртіп сақшылары келген соң одан пышақ барын анықтап, тәркіледі. Сондай-ақ, қаскөй полицейлер келгенше қолдан оралған есірткіден құтылмақ болып, оны жерге тастап, етігімен таптаған» делінген хабарламада.

Кейін полицейлер оның ақыл-есінің дұрыс еместігін анықтады.

«Инстаграм әлеуметтік желісіндегі «Shok_krg» парақшасында жарияланған ақпарат бойынша нақты айтар болсақ, 45 жастағы ер азамат қаза болған анасының моласы басында өзі жете танымайтын азаматшамен сөзге келіп қалған. Оқиға орнына жеткен полицейлер болған жайды анықтап, ер азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізген. Күдікті ретінде ұсталған азаматтың ақыл-есі ауысқандығын анықтайтын құжаты бар және есепте тұрғаны анықталды. Азаматша тарапынан полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Ер-азаматтың есірткі заттарын пайдаланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлайды Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: