Елбасы Серж Саргсянды Арменияның Премьер-Министрі болуымен құттықтады

today.kz today.kz
17 сәуірде өткен ел парламентінің арнайы сессиясында бұрынғы Армения президенті Серж Саргсян елдің премьер-министрі болып сайланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Сіздің саяси тәжірибеңіз бен кәсіби біліктілігіңіз Армения Республикасының өркендеуі мен дамуына септігін тигізетініне сенімдімін.

Қазақстан мен Армения арасында орныққан достық ниеттегі қатынастар екі ел халықтарының игілігі жолында нығая түседі деп ойлаймын.

Сізге зор денсаулық және осы жауапты қызметте жаңа табыс, ал достас Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз