Сербияда жаппай наразылықтардан кейін ел премьер-министрі отставкаға кетті

Милош Вучевич, Сербия, прмьер-министр, отставка, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 20:41 Сурет: wikipedia.org
Сербия парламентінің депутаттары ел премьер-министрі Милош Вучевичтің отставкаға кетуін талап етіп, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сербияның радиосы мен телевидениесі" мәліметінше, жергілікті парламент Конституцияның 132-бабына сәйкес, премьер-министрдің отставкасын қабылдады, яғни Милош Вучевич үкіметінің өкілеттігі ресми түрде аяқталды. Сербия жаңа үкіметті құруға 20 наурызда кіріседі. 

"Енді Сербияда жаңа үкімет 18 сәуірге дейін құрылуы керек. Әйтпесе, мемлекет басшысы парламентті таратып, осы күннен бастап 45-тен 60 күнге дейінгі мерзімде өтетін кезектен тыс сайлауды тағайындауы керек",  делінген хабарламада.

 2022 жылға дейін Вучевич Нови-Садтың мэрі болған. Оның басшылығы кезінде қаланың басты вокзалына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда бетон жақтау құлаған болатын. Бұл оқиға үкіметке қарсы жаппай наразылықтың тууына сеп болды. 2 қарашада ел аза тұту күнін жариялады.

Бұған дейін Сербия премьер-министрі жаппай наразылықтардан кейін отставкаға кету туралы өтініш білдіргені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: