Грузия премьер-министрі отставкаға кетті
Сурет: senate.parlam.kz
Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили отставкаға кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sputnik Грузияның хабарлауынша, бұл туралы Гарибашвили дүйсенбі күні арнайы брифингте мәлімдеді. Болашаққа арналған жоспарлар туралы айта отырып, ол саяси кеңестің биліктегі "Грузин арманы – демократиялық Грузия" партиясының төрағасы лауазымына орналасу туралы ұсынысын қабылдағанын атап өтті.
"Командада көптеген табысты көшбасшылар бар және басқаларға мүмкіндік беру керек. Сонымен қатар қазір біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр – біз күзде жаңа парламентті сайлаймыз. Ал "Грузин арманы" жоғары мақсаттарға қарай ілгерілеуді жалғастыру үшін сайлауда сенімді жеңіске жетуге дайындалуы керек", – деп келтіреді басылым Гарибашвилидің сөзін.
Гарибашвили екі рет премьер-министр қызметін атқарды: 2021-2024 және 2013-2015 жылдары. Ол елді 2012 жылдан бері басқарып келе жатқан "Грузин арманы" партиясын құру кезінде миллиардер Бидзина Иванишвилидің оң қолы болған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Еуропалық одақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары Брюссельдегі саммитте Грузияға ЕО-ға үміткер ел мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript