Дания премьер-министрі отставкаға кетуге өтініш білдірді

Даниядағы сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 21:32 Сурет: Facebook/Mette Frederiksen
Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен отставкаға кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елде өткен парламент сайлауынан кейін ол Дания патшайымы Маргрет II-ден өзін отставкаға жіберуін сұрап, өтініш білдірді.

Сейсенбі күнгі жалпы сайлауда жеңіске жеткен социал-деократтардың өкілі - Дания премьер-министрі Метте Фредериксен ертеңінде, сәрсенбіде патшайымға өзін отставкаға жіберуді сұрап, өтініш білдірді. Ол саяси күштер арасында коалиция құру мүмкіндігін зерттеуге кіріспек ниетте, деп жазады Reuters.

Фредериксен жаңа үкіметті құра алмауына байланысты осындай шешім қабылдағанын айтты.

1 қарашада Данияда парламенттік сайлау өтті. Соңғы мәліметтер бойынша, Социал-демократиялық партияның құрамына кіретін солшыл партиялардың "қызыл" блогы парламентте 179 орыннан 90 мандатқа ие бола алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: