Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс отставкаға кетуге бел буды
Сурет: elizabethtruss.com
Лиз Трасс Тори партиясының жетекшісі қызметінен кететінін жариялады. Ол өз орнына адам сайланғанға дейін алты ай бойына Ұлябритания премьер-министрі қызметін жалғастыратын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новостидің хабарлауынша, Консервативтік партияның жаңа көшбасшысын және премьер-министр келесі аптада сайланады.
18 қазанда Ұлыбритания премьер-министрі өз қызметінде жіберген қателіктері үшін кешірім сұрап, алайда, билеуші Консервативтік партияның бірқатар мүшесінің үндеуіне қарамастан отставкаға кетуден бас тартқан еді.
15 қазанда британ Қаржы министрі Квази Квартенг жұмыстан босатылды. Ол алты апта ғана жұмыс істеді. Квартенгтің корпоративтік табыс салығын күрт төмендетуге бағытталған қаржылық саясаты оның отставкаға кетуіне түрткі болды. 17 қазанда осы саясатты мақұлдаған Лиз Трастың да отставкаға кетуін шамамен 100 депутат талап етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript