Моңғолияның премьер-министрі ұлының ысырапшыл шығындарына байланысты отставкаға кетті

NBC News дерегінше, премьер-министр Оюун-Эрдэнэ Лувсаннамсрай қажетті 64 дауыстың орнына тек 44 дауыс жинаған.
Бұл дауыс беру премьер-министрдің ұлының ысырапшыл шығындары туралы ақпараттардан кейін бірнеше аптаға созылған наразылықтардан соң өткізілді.

Сурет: wikipedia
"Егер билік тұрақсыз болса, экономикалық жағдай нашарлап, саяси партиялар консенсусқа келе алмаса, бұл халықтың парламенттік басқаруға деген сенімін жоғалтуына және демократиялық парламенттік жүйеміздің күйреу қаупіне әкелуі мүмкін", – деп ескертті Оюун-Эрдэнэ.
Ол өзінің адалдығын қорғап, бірақ бірқатар кемшіліктерін мойындады: "ірі жобаларға тым көп көңіл бөліп, әлеуметтік және ішкі саяси мәселелерге жеткілікті назар аудармадым".
Өткен жылы сайлау реформасынан кейін парламент 76 орыннан 126 орынға дейін кеңейтілген болатын. Бұл коалициялық үкіметтің құрылуына әкелді.
Наразылық білдірушілер елдің минералдық байлығы тек іскер топтар мен бай адамдарға ғана пайда әкеледі, ал көптеген моңғолдар әлі де кедейшілікте өмір сүріп жатқанын айтқан болатын.