Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қаржы пирамидасын құрған «Buy Time Incorporated LLP» компаниясына қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта пирамида әрекетінің нәтижесінде залал шеккен куәлар мен жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сурет : elorda.info23 Сәуір 2018, 14:22

Қаржы пирамидасын құрған «Buy Time Incorporated LLP» компаниясының жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Елорда инфо ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ІІМ-нің Тергеу департаменті «Buy Time Incorporated LLP» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша СДТБТ-де Қазақстан Республикасының ҚК 217-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «Buy Time Incorporated LLP» қаржы пирамидасының 2017 жылғы наурыздан бастап қарашаға дейін республиканың барлық аумағында қысқа мерзімде мол табыс табуға уәде беріп, әрекет еткені анықталды.

Қазіргі уақытта пирамида әрекетінің нәтижесінде залал шеккен куәлар мен жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты қаржы пирамидасынан зала шеккен адамдар Тергеу департаментіне (Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, ж.т. 714335, ұ.т. 87023482619) немесе аумағы бойынша ІІД-ге өтініш білдіре алады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер