Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Аягөзде әскерден қашқан сарбаздарға үкім шықты

2 мерзімді әскери қызметкер рұқсатсыз әскери бөлімді тастап қашып кеткен.

Сурет : ҚазАқпарат23 Сәуір 2018, 17:40

Семей гарнизоны әскери соты жұмыс орнын рұқсатсыз тастап кеткен сарбаздарға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылы 20 желтоқсанында сағат 18.50-де тәуліктік кезекшілігін тапсырған 2 мерзімді әскери қызметкер рұқсатсыз әскери бөлімді тастап қашып кеткен. Осы әрекеттері үшін 29 және 19 жастағы сарбаздар үстінен ҚР ҚК-нің 441-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалады. Әскери міндетке жауапкершілік танытпағандардың бірі Жамбыл, екіншісі Ақмола облысының тумалары.

«Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету бабы бойынша айыпталған К. және В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар жұмыс орындарын рұқсатсыз тастап, кетіп қалған. Әскери бөлім басшылығы оларға іздеу жариялады. Сарбаздар ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, шартты түрде сотталды»,-деді Семей гарнизоны әкери сотының бас маманы Гүлдана Жұматаева.

Сот отырысы кезінде олар қашып кету әрекеттерін ата-ана, бауырларын сағынғанымен түсіндірген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер