Жаңалықтар тізбегі
0

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Вnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2018 17:15 Вnews.kz
Жұмыс сапары барысында Сәтпаев, Жезқазған, Қарағанды қалаларының бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын аралау жоспарланған.

Бүгін Елбасы тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Қарағанды облысына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмыс сапары барысында Сәтпаев, Жезқазған, Қарағанды қалаларының бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын аралау жоспарланған, атап айтқанда: Елбасының тапсырмасы бойынша салынып жатқан «Нұрлы мекен» шағын ауданы, «Ханум» макарон цехы, мамандандырылған азық-түлік өнімдерін шығаратын «Bayan» ЖШС. Премьер-Министр медициналық орталық негізінде облыстың денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысымен, қайта реттеу, МЖӘ және жекелеген қызметтер секторын дамыту жағдайымен танысады.

Б. Сағынтаев «Сарыарқа» АЭА аумағында шарлы крандар мен ілмекті арматура шығаратын «Бёмер арматура» ЖШС зауытын тексеріп, пайдаланудан шыққан көлік құралдарының металл сынықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металл қорытпаларын шығаратын «Recycling Company» ЖШС кәсіпорнына барады.

Жезқазғанда Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша өңірдің активімен және жұртшылығымен кездесу өткізеді.

Моноқалаларды дамытудың қазіргі қарқыны мен перспективалары, технологиялық жаңғырту, инвестициялар тарту, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру нәтижелері және «Бес әлеуметтік бастаманы» орындау тетіктері, соның ішінде өңірді газдандыру және Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Астана бағыты бойынша «Сарыарқа» газ құбырын салу мәселелері қаралады.

Қарағанды политехникалық колледжін аралау қорытындысы бойынша облыстың студент жастарымен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру, оның ішінде білім алудың қолжетімділігін арттыру, студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту және жаңа тұрғын үй бағдарламасы мәселелері жөнінде кездесу өткізіледі.

Облыс активімен, ірі және шағын бизнес өкілдерімен кездесу Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру мәселелеріне арналады.

Еске сала кетейік, бұл биылдыққа ел өңірлеріне төртінші жұмыс сапары. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарында болып қайтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: