Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

baq.kz baq.kz
Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте көктайғақ күтіледі.

26 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман болады, Павлодар облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді,

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде найзағай жарқылдайды, Атырау облысында тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, желдің 18-23 м/с-ге күшеюі күтіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз