2 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек республиканың оңтүстік және батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшеюі күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақтан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстінде, Павлодар облысының солтүстігінде, Алматы облысының батысыңда өте жоғары өрт қауіпі сақталады.