Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады

baribar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2018 15:51 baribar.kz
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, найзағай күтіледі, ал батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Казгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, шығыстың кей жерлерінде күндіз жауын-шашын қатты жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және солтүстік- батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, найзағай күтіледі, ал батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін, Шығыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Ақмола, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ал, Қарағанды облысында түнде және таңертең найзағай болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің күші 17-22 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Атырау облысында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Сонда-ақ, күндіз Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай, Маңғыстау облыстарын тұман басуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: