Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шымкенттегі саябақтарда гироскутер, ролик, велосипед тебуге тыйым салынбақ

Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары да күшейтіледі.

Сурет : Хабар 2426 Сәуір 2018, 12:13

Бұдан былай Шымкенттегі саябақтарда гироскутер, ролик, велосипед тебуге тыйым салынбақ, деп хабарлайды Хабар 24.

Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары да күшейтіледі. Өйткені халық көп баратын демалыс орындарында жалға берілетін осындай ойын құралдарының салдарынан қауіпсіздік шаралары сақталмай жатады. Себебі осындай құралдарды тізгіндеген жас жеткіншектер арлы-берлі жүйткіп, жұрттың алаңсыз демалып, сейіл құруына кедергі келтіреді. Бұл туралы шаһардағы саябақтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген әкімшілік қызметкерлері хабарлады.

Сонымен қатар балалардың ойын алаңдары мен әткеншектердің да сапасы мен қауіпсіздігі пысықталды. Балмұздақ сататын орындар мен сауда нүктелеріндегі бағаның тұрақтылығы да басты назарда болмақ. Қазір саябақтардағы орындықтар мен ойын құралдарын сырлап, безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсететін 9 саябақ бар.

– Біз қазір ұсыныс айтып жатырмыз. Негізі халық осы жерлерге демалу үшін келеді. Ары-бері жүрген гироскутер, велосипедтер елдің мазасын алады. Осыға арыз-шағым бар. Сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекеттік саябақтардың барлығын қолға алып, кіргізбеу амалдарын жасап жатырмыз, - дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әсет Әбдіраханов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер