Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда жас ғалым-педагогтардың республикалық Слеті өтті

Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, отандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар қатысты.

Сурет : www.zakon.kz26 Сәуір 2018, 16:40

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық Слеті өтті, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, отандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар қатысты.
Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық Слетінің ашылу салтанатында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова министр Ерлан Сағадиевтің құттықтау хатын оқып берді.

– Қымбатты еліміздің жас ғалым-педагогтары, бірінші Республикалық Слеттің қонақтары! Сіздерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің атынан және өз атымнан Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық Слетінің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін ғылым мен білім саласындағы тарихи күн. Өйткені еліміздің жас ғалым-педагогтарының тың идеялары мен жаңаша ой-пікірлерін бөлісуі үшін алғаш рет өзара диалог алаңы құрылуда. Тұңғыш рет еліміздің белді жас ғалым-педагогтары бірігуде. Сондықтан бұл маңызды да ауқымды кездесу болмақ. Қазіргі таңда білім мен ғылымның қарқынды өзгеру заманында еліміздегі жастардың ғылыми әлеуетін арттыру – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақ. Олай болса бүгінгі Слеттің басты мақсаты да – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыдан ойлайтын жас педагог-ғалымдарды біріктіру болып табылады, – делінген құттықтау хатта.

Басқосу барысында Қазақстан жас педагог-ғалымдарының Қауымдастығы құрылды. Қауымдастықты құру 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауы негізінде жасалды. Қауымдастықтың құрылтайшысы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.

– Қауымдастықты құрудағы басты мақсат – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыда ойлай алатын жас педагог-ғалымдарды біріктіру, олардың диалог алаңын құру. Сонымен қатар, білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер бойынша жас педагогтардың жүйеленген пікірлерін мүдделі тараптарға жеткізу, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді технологияларымен алмасу, ғылыми-зерттеулер жүргізу және шетелдік жоғары оқу орындары, колледж, мектептердің жас педагог-ғалымдар Халықаралық Қауымдастықтар, одақтар, кеңестермен байланыс орнату да қарастырылған, – дейді Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.

Қауымдастыққа мүше ретінде 35 жасқа дейінгі жоғары білім беру жүйесінде қызмет ететін, педагогика саласында ғылыми зерттеу тәжірибесі бар оқытушылар тіркеле алады.

Сонымен қатар, шара барысында Латын әліпбиін үйрету орталығында шеберлік класы, «Ақтұмар» мұражайы: тарих беттерінен» тақырыбындағы көрме және «Көркем галерея: оқытудағы шабыт» атты кескіндеме және гобелен бойынша шеберлік класын өткізілді.

Сондай-ақ, Кешенді химия-биология ғылыми зерттеу орталығы, «Жаңартылған энергия көздері» зертханасы мен Психология-педагогикалық түзету кабинетінде Қыздар Университетінің ғылыми зерттеу жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Оқу орнының жас ғалымдарының Физика, IT, География, Филология, Хореография салалары бойынша шеберлік кластары да ұйымдастырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер