Бибігүл Асылова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 10:19 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.

1994-1998 жылдары — Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді.

1998-2016 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді.

2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: