Жаңалықтар тізбегі
0

Арман мен Аша тез танылудың жолын қалай тапты?!

ytimg.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2018 17:13 ytimg.com
Қазақстанға кеше жеткен қара пиарды, бүгін әркім өзінше кәдесіне жаратып әлек.

Жасағаны хайп, жинағаны лайк! Иә, ғаламтор дамыған заманда арзан жарнама және тезірек танылудың амал-айласын тұтыну, жұлдыздар арасында үйреншікті үрдіске айналғандай. Ал, Арман мен Ашаның жұртты дүрліктірген әрекеті естеріңізде ме? Жұлдызды жұп 3 жыл бойы жасырған құпиясының құлпын енді ашты! Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қазақстанға кеше жеткен қара пиардың бұл түрін, бүгін әркім өзінше кәдесіне жаратып әлек. Бірінің асығы алшысынан түссе, хайп жасап, майып болып жатқандары да жоқ емес. Жұртты дүрліктірген бұл термин, шын мәнісінде қандай мағына береді? Осы орайда, отандық шоу-бизнес өкілдері арасында, арнайы сауалнама жүргізіп көрдік.

Әли Оқапов, әнші:

-Хайп дегеніміз - дәл қазір осы жерде, ең сұранысқа ие болған нәрсе.

Аша Матай, әнші, актриса:

-Ажиотаж... Хайп деген -ажиотаж..

Арман Қоңырбаев, әнші:

-Бір нәрсені жасайсың. Сол нәрсе өте танымал болып кетеді. Соны барлығы қарайды. Сол хайп! Ол жасау бір ерекше болу керек те. Сонда ол хайп болады.

Хайп ұғымы бүгінде кеңінен насихатталуда! Кезінде жеке өмірлерін жасырып, көпшіліктің қызығушылығын оятқан Арман мен Аша да, бұл тәсілді ұтымды қолданғандарын айтады.

Арман Қоңырбаев, әнші:

-Біреу сәтті деуі мүмкін, біреуі сәтсіз деуі мүмкін. Менің хайпым ол үйлену тойым ғой. Өте үлкен хайп болды. Барлық ел шулады. Ой, Арман мен Аша үйленіп жатыр екен деп. Сол өмірімдегі ең басты хайп болған шығар.

Ал, соңғы уақытта жасалған сәтсіз хайпты «Асылдық» арулар жақсы біледі.

Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

-Сәтсіз хайпке келетін болсақ. Ол жақында ғана жезөкшелерді ұрып жүрген адам. Аты-жөнін білмедім, кім екенін. Бірақ енді сәтсіз болды. Әрине, ол қалай ұнауы мүмкін?

Пиардың түр-түрін жатырқамайтын жұлдыздар, темірді қызған кезде соғуды қаласа керек. Хайп сөзі бүгінде ән мәтіндерінде де өріп жүр.

Әли Оқапов, әнші:

-Соңғы кездері хайп дегенде «Кешью» тобы көз алдыма келеді. Өйткені, олар қазақ әртістерінің арасында, алғашқылардың қатарында сияқты. Сол сөзді әнде қолданып «Кешью» сыйлайды хайп» дегендей...

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: