Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбас орындары доллар сатпай жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 16:09 zakon.kz
Бүгін Алматыдағы кейбір ақша айырбас пункттерінде 1 АҚШ долларының құны 471,5 теңгеге дейін жеткен.

Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент секілді ірі қалаларындағы көптеген ақша айырбастау орындары АҚШ долларын сатпай жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін Алматыдағы кейбір ақша айырбас пункттерінде 1 АҚШ долларының құны 471,5 теңгеге дейін жеткен. Ал евро 514-515 теңгеден саудалануда.

Нұр-Сұлтанда барлық жерде доллар сатылымда жоқ. Евро бағасы 500 теңгеге дейін көтерілді.

Дегенмен Ұлттық банк бейсенбі күнге белгілеген АҚШ долларының ресми бағамы - 439,32 теңге.

Қазақстандық қор биржасында қазіргі кезде доллардың бағамы 439,56 теңгені құрайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 16:09, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 16:09

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: