Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда үй алуға 5%-бен несие беру жалғасады

ТҮКШ жаңғырту аясында 130 үйді жөндеп, қаланың барлық ауданында 585 ауланы абаттандырады.

Сурет : Baq.kz27 Сәуір 2018, 11:29

Оңтүстік астананың жас отбасылары «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы тұрғын үй алу үшін 2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы қала тұрғындарына алдын ала жинақсыз жылына 5 % өсіммен несие алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарламаның шарттарымен толығырақ мына жерде танысуға болады.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бюджеттің қосымша қаражаты салықтан және шығындарды оңтайландырғаннан алынды. Қосымша ақша 64,7 млрд теңге болды. Енді оны тұрғындардың әлеуметтік қажеттіліктеріне жұмсайды. Атап айтқанда, жеке үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, газбен жабдықтау шығындарын өтеп береді.

ТҮКШ жаңғырту аясында 130 үйді жөндеп, қаланың барлық ауданында 585 ауланы абаттандырады.

Жеңіс күніне орай ардагерлерге 150 мыңнан 250 мың теңгеге дейін, ал оларға теңестірілген тұлғаларға 30-50 мың теңге көлемінде төлемақыны жоғарылатады. Сонымен қатар ардагерлердің айсайынғы коммуналдық төлемдеріне көмек ретінде берілетін соманы 13 220-ден 15 630 теңгеге дейін өсіреді.

Автобус паркі жыл соңына дейін 530 автобусты жаңартады. Сонымен қатар, «ақылды» бағдаршамдарды орнату арқылы Жол трафигін басқарудың бірыңғай орталығын жобалау басталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер