Алматыда медициналық мекемелердің ауқымды жаңғыртылуы жалғасады

Денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қосымша 18,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат Алматыдағы медициналық мекемелердің ауқымды жаңғырту жұмыстарына бағытталады., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 16:12 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қосымша 18,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат Алматыдағы медициналық мекемелердің ауқымды жаңғырту жұмыстарына бағытталады.

Бұл туралы Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков айтты.

"Қалқаман" шағын ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана мен Түрксіб ауданындағы №4 қалалық клиникалық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталады. Жоба аясында емдеу корпустары жаңартылып, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынады. Сондай-ақ, жаңа желдету және энергия үнемдеу жүйелері енгізіледі.


"Әсіресе, Бостандық ауданында 500 адамды қабылдай алатын жаңа емхананың құрылысын ерекше атап өткім келеді. Бұл аудан тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді", – деді Қанат Сухамбеков.

Оның айтуынша, Алатау ауданының "Саялы" шағын ауданында және Түрксіб ауданындағы Айбасов көшесінде салынып жатқан отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысандарды биыл шілде айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Алматыда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: