Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 15,2 млрд теңгеге ұлғайтылды

Алматыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 15,2 млрд теңгеге ұлғайтылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 09:01 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 41,6% өсіп, 51,7 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Осылайша, қаржы медициналық жабдықтар мен вакциналарды сатып алуға және күрделі жөндеуге бағытталған.

Биыл 4 МСАК орталығының құрылысы және 12 емханаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұған қоса, 11 жаңа МСАК орталығы мен емхана, сондай-ақ 3 емхананы күрделі жөндеу жобаланады.

Кадрлық әлеуетті арттыру үшін 2 632 дәрігер мен орта медициналық қызметкерді оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Қазақстанда алғаш рет 2024 жылы 13 маусымда Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында "Фетальді хирургия" пилоттық жобасы іске қосылды. Жылына 150 жатырішілік ота жасау жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: