Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

Алматыда соңғы екі жылда IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн АҚШ доллары (9,9 млрд теңге) инвестиция тартылды. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы хабарлады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2025 11:45 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда соңғы екі жылда IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн АҚШ доллары (9,9 млрд теңге) инвестиция тартылды. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы хабарлады.

Шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда 2022–2024 жылдарға арналған "Алматы IT-экожүйесін дамыту" үш жылдық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба смарт-қалалар, жасанды интеллект, үлкен деректер және тұрақты даму сияқты негізгі бағыттарда IT-экожүйені дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған.

MOST іс-шараларына 7 мыңнан астам адам қатысты. Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ доллары, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. Жоба аясында 2 049 жұмыс орны құрылды.

Акселерация және инкубация бағдарламаларын 309 стартап сәтті аяқтады, олардың 16-сы халықаралық нарықтарда сатылымдарын растады. Жоба аясында 1 189 IT-маман мен 101 кәсіпкер оқытылды.

Сонымен қатар, "Digital Urban Planner, Smart City Engineer" бағдарламасы бойынша 55 маман даярланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: