Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

radio7.kz radio7.kz
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, найзағай ойнап, оңтүстікте шаңды дауыл тұратынын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман түседі, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында найзағай болады.

Алматы, Қарағанды облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, найзағай жарқылдайды.

Қызылорда облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз