Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскеменнің екі тұрғынынан 7 келі есірткі тәркіленді

Полиция қызметкерлері 29 жастағы азамат тізгіндеген көлікті тоқтатып, салонына тексеру жүргізген.

Сурет : sakhalife.ru2 Мамыр 2018, 14:59

Шығыс Қазақстан облысында 7 келі марихуананы тасыған жолаушылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ІІД есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері жедел алдын алу шарасы кезінде заңсыз есірткі саудасымен айналысқан азаматтарды ұстады.

Полиция қызметкерлері 29 жастағы азамат тізгіндеген көлікті тоқтатып, салонына тексеру жүргізген.

Тінту барысында жолаушыларға тиесілі жалпы салмағы 7 келі марихуана тәркіленген. Есірткіні алып бара жатқан 27 және 42 жастағы азаматтар - облыс орталығының тұрғындары.

«Екі азамат өз кінәларын мойындады. Қазір олар уақытша қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» делінген ІІД таратқан мәліметте.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер