Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда 71 жастағы жүргізуші ана мен баланы қағып кетті

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 14:48 видеодан кадр
Көлікті тізгіндеген 1949 жылғы азамат.

Қарт жүргізушіден қатер төнді. Қостанайда 71 жастағы көлік тізгіндеуші жаяу жүргіншілер жолағында адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккен ана мен бала, қазір ауруханада ауыр халде жатыр. "Мерседес" мінген жүргізушіден 40 жастағы келіншек пен оның қызы жапа шекті. Олар жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан. Полиция жол көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Кенже Қонысбай, Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

Көлікті тізгіндеген 1949 жылғы азамат. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға Қостанай қаласындағы Қобыланды көшесінде болған. Жүргізуші ішімдік ішпеген.

Оқиға күндізгі сағат 3-терде болған. 9 жастағы бала ауыр жарақат алған. Оның анасы да жансақтау бөліміне жеткізіліпті. Дәрігерлер екеуінің де жағдайы өте ауыр дейді.

Ксения Жылқыбаева, облыстық аурухананың баспасөз хатшысы:

Реанимациялық шаралар жасалды.Қазіргі таңда қыз бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде.Жағдайы мүшкіл.Ал оның анасының жанын алып қалуға қалалық аурухана дәрігерлері барын салып жатыр. Жағдайы өте ауыр.Жасанды тыныс беру аппаратымен жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: