Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда мас жүргізуші әйел мен екі баланы қағып кетті

dpchas.com.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2019 23:40 dpchas.com.ua
Жаяу жүргіншілер ауруханада, мас шопыр қамауға алынды.

Талдықорғанда Subaru Forester жүргізушісі кішкентай екі баланы жетектеген әйелді қағып кетті. Олар жүргінші жолағымен жолдан өтпек болған, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 1 мамыр күні кешкісін Ілияс Жансүгіров көшесінде орын алды. Зардап шеккен – 42 жастағы әйел мен 8 және 5 жастағы екі бала. Ал 54 жастағы жүргізуші масаң күйде болып шықты, ол полицияға жеткізілді. Кейін анықталғандай, ол тіпті жалған нөмірмен заңсыз жүрген екен.

– Жүргізуші 2017 жылы көлік рөлінде мас күйінде ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты. Ал астындағы көлігі Қырғызстаннан әкелініп, жалған нөмірмен жүрген екен. Бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: